Белсенді оқу – тиімді білім кепілі
Бүгін Қызылорда ашық университетінде кезекті өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Белсенді оқу әдістері: Студенттердің әлеуетін ашу» тақырыбында әдістемелік оқыту семинары жүргізілді. Семинарды п.ғ.к. Ешимова Ултай Зікірқызы жүргізді. Семинар жұмысына универститет оқытушы-профессорлары қатысып, тәжірибелерін жетілдірді.
Семинар мақсаты оқу процесін қызықты әрі тиімді ету жолдарын бірлесе талдау, интербелсенді дәрістерді жоспарлау дағдыларын жетілдіру. Семинар барысында «Неліктен студент үшін белсенді оқу әдістері маңызды?» деген сұраққа жауап жалпы талқылауға ұсынылды, дәстүрлі оқу мен белсенді оқу дың айырмашылығы талқыланды.
🔹Дәстүрлі оқу: Студент — тек тыңдаушы (пассивті).
🔹Белсенді оқу: Студент — процесс орталығында (активті).
🔹Нәтиже: Ақпаратты 90%-ға дейін есте сақтау
🔹Сыни ойлаудың дамуы: Топпен жұмыс істеу дағдысы дамиды
Семинар барысында «Джигсо», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Кейс стади», «Төңкерілген сынып», «Визуалды оқу (Скрайбинг/Инфографика)» әдістерін қолданудың жолдары мен тиімділігі талқыланды. Тәжірибелік әрекет ретінді студенттердің ақпараттармен жұмыс жасау дағдыларын дамыту үшін «ақпаратты сүзу» әдісі қолданылды.
Семинар соңында университет оқытушылары Ешимова Ултай Зікірқызына алғыс білдіріп, тәжірибеге енгізетіндерін, семинар барысында алған ақпараттар мен материалдардың тиімділігін атап өтті.

