ЖАҢА ЖЫЛ – ЖАҢА БЕЛЕС

Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен «Жаңа жыл – жаңа белес» атты мерекелік жаңа жылдық шоу бағдарламасы жоғары деңгейде өтті.

Шара көңілді фанфармен басталып, сахна төрін әсем әндер, заманауи билер, флешмобтар мен қызықты ойындар жандандыра түсті. Кеш барысында Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен интерактивті ойындар ұйымдастырылып, студенттерге ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.

Мерекелік кеш аясында үздік студенттерді марапаттау рәсімі өтті. Құттықтау сөз сөйлеп, «Жыл үздігі – 2025», «Ай үздігі», «Жылдың ең белсенді студенті – 2025» номинациялары бойынша жеңімпаздарды Қызылорда ашық университетінің Инновациялық жұмыстар және қоғаммен байланыс жөніндегі проректоры Әбдікәрімов Бақытхан Жүнайдұлы марапаттады және арнайы қонақтар қатысты.

Шара соңында барша қатысушылар сахнаға шығып, 2025 жылды қорытындылап, жаңа 2026 жылға ақжарма тілектер айтылды. Мерекелік кеш көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлап, жаңа жылға деген сенім мен шабыт ұялатты.

«Жаңа жыл – жаңа белес» атты кеш қатысушылар жадында жарқын әсерімен сақталды.