БІТІРУШІ КУРС БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫМЕН ЖҮЗДЕСУ

М. Ықсанов атындағы Қызылорда техникалық–IT жоғары колледжінің бітіруші курс студенттері және ата-аналарымен кәсіби бағдар беру бағытында кездесу өтті.

Кездесу барысында Қызылорда ашық университеті туралы жан-жақты ақпарат ұсынылып, білім беру бағдарламалары, мамандық таңдау ерекшеліктері және талапкерлерге арналған түрлі жеңілдіктер мен мүмкіндіктер туралы түсіндірілді.