Ағылшын тілі педагогтеріне арналған кәсіби даму облыстық семинары өтті

  Қазақстандағы Ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығының (KazTEA) бастамасымен және Британ Кеңесінің қолдауымен «Action Research in Practice: Enhancing Teachers’ Professional Development» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

  Аталған іс-шара Қызылорда облысының ағылшын тілі мұғалімдерінің «TEK» қауымдастығы, М. Дүйсенов атындағы №15 «Келешек» мектеп-лицейінде және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде ұйымдастырылды. Семинарға сондай-ақ, Шымкент өңірінің ағылшын тілі педагогтары қатысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.

  Семинар Британ Кеңесінің ресурстарын қолдана отырып әрекеттік зерттеуді дамытуға бағытталған халықаралық жоба аясында ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – педагогтердің кәсіби дамуын қолдау, оқыту үдерісінде зерттеушілік тәсілді тиімді қолдану жолдарын көрсету.

  Семинар барысында Қызылорда ашық университетінің педагогика кафедрасының оқытушысы Айлин Аппазқызы спикер ретінде қатысып, Action Research әдісін білім беру тәжірибесіне енгізу жолдары мен нақты мысалдар арқылы тиімді қолдану тәсілдерімен бөлісті.

  Іс-шара педагогтер үшін тәжірибелік маңызы жоғары, кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған мазмұнды алаңға айналды.