«Сергектік және денсаулық – 2026» дәстүрлі спартакиадасы өтті

  Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің оқытушы-профессорлары мен қызметкерлері арасында дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Сергектік және денсаулық – 2026» спартакиадасы жоғары деңгейде өтті.

  Спартакиаданың басты мақсаты – ұжым арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ оқытушылар мен қызметкерлерді дене шынықтырумен тұрақты айналысуға тарту.

  Жарыс бағдарламасына волейбол, баскетбол, теннис, дойбы және арқан тарту спорт түрлері енгізілді. Барлық сайыстар айналым тәсілі бойынша ұйымдастырылып, қатысушылар жоғары белсенділік пен ұйымшылдық танытты.

  Спартакиада қорытындысы бойынша:
* І орын – Қоғамдық-гуманитарлық мамандықтар бірлестігі
* ІІ орын – Қызылорда ашық университеті
* ІІІ орын – Кәсіби-техникалық мамандықтар бірлестігі

  Сондай-ақ, жарыс барысында ерекше көзге түскен қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды:
* Үздік волейболшы – Әбдіхани Жасұлан, Әмір Шынболат
* Үздік баскетболшы – Пазылбекұлы Ербол, Әкімбай Айдана
* Үздік дойбышы – Жумабаева Айдана
* Үздік теннисші – Торы Азамат

  Спартакиаданың ашылу және жабылу салтанаттары спорттық рух пен достық атмосферада өтті. Мұндай игі шаралар ұжым арасындағы ынтымақтастықты арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға зор үлес қосады.