Халықаралық тәжірибе алмасу аясындағы маңызды кездесу
Халықаралық тәжірибе алмасу мақсатында Франциядағы Ұлттық Шығыс тілдері мен өркениеттер институтының (INALCO), Кореядағы Каннам университетінің құрметті профессоры және Корея мәдениетін зерттеу Қауымдастығының кеңесшісі Ким Фил мырза университет ұжымымен арнайы кездесуге қатысты.
Кездесу барысында профессор Кореядағы Ашық университеттердің білім беру жүйесімен жан-жақты таныстырып, қашықтан білім беру саласындағы заманауи үрдістер, инновациялық оқыту үлгілері және цифрлық білім беру тәжірибелері туралы құнды ақпараттарымен бөлісті.
Арнайы ұйымдастырылған жиналыс аясында профессор өз тәжірибесіне сүйене отырып, Қызылорда ашық университетін дамыту, білім сапасын арттыру және халықаралық тәжірибені енгізу бағытында бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта университеттің даму стратегиясын жетілдіру жолында өзара ынтымақтастық орнатудың маңыздылығына тоқталды.

