Сахна саңлағының рухани мұрасы кітап сөресінен орын алды
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері, белгілі актер Бекжан Асаубайұлы Тұрыс Қызылорда ашық университетінің кітапханасына өзінің жаңа туындыларын сыйға тартты. Атап айтқанда, «Бекзат болмыс» және «Өмір естелігімен қымбат» атты кітаптар университет қорының рухани-мәдени мазмұнын байыта түсті.
Автор бұл еңбектерінде өнер жолындағы жылдарынан сыр шертіп, сахнадағы әріптестері туралы естеліктерімен бөліседі. Сонымен қатар, шығармаларда қазақы болмыс пен ұлттық мінездің терең иірімдері шынайы суреттеліп, ұлтқа тән рухани құндылықтар кеңінен көрініс табады.
Аталған туындылар оқу орнымыздағы «Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін ерекше маңызға ие. Кітаптар болашақ мамандардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, сахна өнерінің қыр-сырын тереңірек меңгеруіне зор ықпал ететіні сөзсіз.
Ұлттық өнердің дара тұлғасынан мазмұнды, тағылымы мол кітаптарды сыйға алу – университет кітапханасы үшін баға жетпес рухани құндылық.
Қызылорда ашық университеті ұжымы Бекжан Асаубайұлына шынайы алғысын білдіреді. Сыйға берілген кітаптар өз оқырманын тауып, рухани игілікке қызмет етеді деген сенімдеміз.

