ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
Қызылорда ашық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы ҚР ҰҒА академигі, техника ғылымдарының докторы, профессор, ректор Қ.А. Бисеновтың жетекшілігімен «Академик В.Н. Болтинскийдің оқулары» атты халықаралық ғылыми-практикалық семинарға қатысты. Аталған жиын К.А. Тимирязев атындағы Ресей мемлекеттік аграрлық университетінің В.П. Горячкин атындағы Механика және энергетика институтының ұйымдастыруымен өтті.
Беделді ғылыми жиынға қатысу жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін көрсетіп, әріптестікті нығайтуға және бірлескен ғылыми-білім беру бастамаларын дамытуға деген ұмтылысты айқындайды.
Семинар академиялық дәстүрлерді жалғастыра отырып, жаңа ғылыми идеялардың қалыптасуына, пәнаралық тәсілдердің дамуына және инновациялық шешімдердің пайда болуына мүмкіндік береді. Мәжіліс аясындағы ғылыми пікірталастар ғылымның ілгерілеуіне серпін беріп, ғалымдар, оқытушылар және жас зерттеушілер арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

