Оқу-әдістемелік бөлім

Оқу-әдістемелік бөлім оқу орнының негізгі құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлім ҚР МЖБС және ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құжаттарына және ректор бекіткен ішкі құжаттарға сәйкес кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырады және олардың орындалуына бақылау жүргізеді.

Оқу-әдістемелік бөлімнің негізгі функциялары:

- білім беру бағдарламаларының жұмыстық оқу жоспарларын жасау;

- аралық және қорытынды бақылау кестесін жасау;

- академиялық күнтізбе жасау және оның орындалуына бақылау жүргізу;

- білім алушылардың біліміне аралық бақылау түрлерін ұйымдастыру болып табылады.

Бөлім оқу орнының барлық құрылымдық бөлімшелерінде ішкі аудит ұйымдастырып, өткізеді, оқу сабақтарын өткізуді, кафедралардың жұмысын ұйымдастырады; тексерулер барысында анықталған кемшіліктерді жою жұмыстарын бақылайды, ҚР «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің нормативтік құжаттары мен ректордың бұйрықтары негізінде оқу процесін ұйымдастыруға жалпы басшылық жүргізеді, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің талаптарына сәйкес қорытынды аттестаттауға бақылау жүргізеді.

Байланыс телефоны: 8(7242) 30-46-40.

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.