Central Asia+ Rector's Club форумы

Алматы қаласында жоғары білім жүйесін одан әрі дамытуға арналған «BAS QOSÝ» (Meet-Up) форумы ұйымдастырылды.

Central Asia+ Rector's Club клубының ұйымдастыруымен өткізіліп жатқан форумға Қызылорда ашық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі Қылышбай Алдабергенұлы Бисенов қатысуда.

Central Asia+ Rector's Club клубы бейресми бірлестік, сондықтан аймақтың жоғары біліміндегі трансформация туралы тікелей және ашық коммуникация алаңы ретінде ойластырылған. Клубқа қатысушылар – Орталық Азия, Түркия, Армения, Грузия, Әзірбайжан, Моңғолия және т. б. елдердің жоғары білім беру саласындағы университет көшбасшылары мен сарапшылары.

Клуб проблемаларды бірлесе шеше білуге, қабылданған шешімдерді бөлісуге, ынтымақтастық аясында әріптестер табуға және бірлескен жобаларды бастауға мүмкіндік береді.