Ұлттық құрылтай және конституциялық реформалар – ашық диалог алаңында

  Қызылорда ашық университетінде «Ұлттық құрылтай мен конституциялық реформалар: қоғамдық келісімнің жаңа үлгісі» тақырыбында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Басқосу қоғамдағы маңызды саяси өзгерістерді талқылауға арналды.

 Кездесудің мақсаты – Ұлттық құрылтайдың маңызын түсіндіру, конституциялық реформалардың қоғам дамуына ықпалын талдау және жастардың құқықтық санасын арттыру.

  Іс-шараны Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің директоры Маржан Бисенова ашып, тақырыптың өзектілігіне тоқталып, қатысушыларға жалпы ақпарат ұсынды.

  Кездесу барысында Экономика және құқық институтының директоры Айнұр Исаева мазмұнды ой бөлісіп, конституциялық реформалардың маңызы мен Ұлттық құрылтайдың қоғамдағы рөліне кеңінен тоқталды.

  Жиынға университет оқытушылары мен студенттері қатысып, пікір алмасу алаңы қалыптасты. Мұндай кездесулер білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, ел дамуына қатысты көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.