Ұлт поэзиясына тағзым: Мұқағали Мақатаевқа 95 жыл

  Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай оқу орнымызда «Мен өмірді жырлау үшін келгенмін» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шараға Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледж оқытушылары мен студенттері белсенді қатысты.

  Кеште ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша шолу жасалып, поэзиядағы философиялық ойлар мен адамгершілік құндылықтар көрерменге жеткізілді. Сондай-ақ, поэзиялық оқулар, музыкалық орындаулар мен көркем әдеби композициялар ұсынылды.

  Шараның ерекшелігі – оқытушылар мен студенттердің бірлескен шығармашылығы, интерактивті формат пен заманауи цифрлық құралдар арқылы өткізілуі. Кеш жас ұрпаққа ақын мұрасын дәріптеу, поэзия арқылы адамгершілік пен ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

  Әдеби-сазды кеш жоғары деңгейде өтіп, ұлт поэзиясының рухани мұрасын насихаттау жолында үлгілі іс-шара ретінде есте қалды.