Ашық сабақ – заманауи форматта

  Педагогика кафедрасының аға оқытушысы Бақтиярова Гүлдана Пірәліқызы «Білім берудегі бұлттық технологиялар» пәні аясында «Google сервистерінің көмегімен сауалнама, форма және кесте құру»тақырыбында жоғары деңгейде ашық сабақ өткізді.

  Сабақ барысында білім алушылар Google платформасының мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, форма мен сауалнама құру, кестелермен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін меңгерді. Теориялық білім практикалық тапсырмалармен ұштастырылып, білім алушылардың цифрлық құзыреттілігін арттыруға басымдық берілді.

  Ашық сабақтың басты ерекшелігі — интерактивті формат, заманауи цифрлық құралдарды тиімді қолдану және нақты нәтижеге бағытталуы.