Академиялық ұтқырлық – білім кеңістігін кеңейту жолы

  2025/2026 академиялық жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қызылорда ашық университетінің білім алушысы Каримбаева Зарина Азаматқызы Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінде білім алуда.

  Білім алушы «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша, бакалавр оқу бағытының IV академиялық кезеңінде оқуды жалғастыруда. Академиялық ұтқырлық аясында студент шетелдік жоғары оқу орнының білім беру тәжірибесімен танысып, кәсіби құзыреттілігін арттыруға мүмкіндік алуда.

  Аталған бағдарлама білім алушылардың халықаралық тәжірибе жинақтауына, педагогикалық білім беру саласындағы заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеруіне және академиялық байланыстарды нығайтуға бағытталған.