Симбиоз және экологиялық факторлар: ашық сабақ
Қызылорда ашық университеті Құқық және қызмет көрсету кафедрасының аға оқытушысы, жаратылыстану ғылымдарының магистрі Мырзахмет Эльмира «Экология» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне «Жануарлар мен өсімдіктер экологиясы» пәні бойынша «Организмдердің өзара симбиотикалық қарым-қатынасы, олардың типтері және ортаға әсер етуші факторлар» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақта симбиоз ұғымы, оның табиғаттағы маңызы мен негізгі түрлері талқыланып, тірі ағзалардың тіршілік ортасына әсер ететін экологиялық факторлар ғылыми тұрғыда түсіндірілді. Студенттер белсенді қатысып, теориялық білімдерін тәжірибелік талдаумен ұштастырды.
Ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан оң бағаланды.
