Білім мен тәжірибе ұштасқан ашық сабақ
Қызылорда ашық университетінде Педагогика кафедрасының оқытушысы Мухамедали Інжу 1 курс ПМНО-25-1, ПиП-25-1, До-25-1 студенттеріне «Психология» пәнінен «Психикалық процестер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты — студенттердің түйсік, қабылдау, зейін және ойлау үдерістері туралы білімдерін жүйелеу, теорияны практикамен ұштастыру және сыни ойлау дағдыларын дамыту.
Сабақ барысында жасанды интеллект мүмкіндіктері қолданылып, өткен лекцияға мазмұнды шолу жасалды. “Сен…” комплимент жаттығуы арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастырылып, студенттердің белсенділігі артты.
Студенттер топтық жұмыстар аясында тақырып бойынша буклеттер дайындап, өз ойларын креативті форматта таныстырды. Қорытынды кезеңде “Ара мен бал” сәйкестендіру әдісі арқылы негізгі ұғымдар бекітілді.
Ашық сабақ білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, тәжірибелік дағдыларын шыңдауға ықпал етті.
