«ҚАУІПСІЗДІК – ӘЛСІЗДІК ЕМЕС, САНАЛЫ ТАҢДАУ»

  Қызылорда ашық университетінде Педагогика кафедрасының оқытушылары Жайна Елубайқызы мен Інжу Мухамедалиқызының ұйымдастыруымен қыздарға арналған тәрбиелік мәні зор тренинг өткізілді.

  Іс-шара барысында қатысушылар қауіпсіздік, жеке шекара және саналы таңдау тақырыптары аясында пікір алмасып, эксперименттік әдістер, бейнематериалдар және сауалнама арқылы өз ойларын білдірді. «12 құнды сөз» рефлексиялық жаттығуы қыз баласының жеке құндылықтарын саралауға және қауіпсіздік мәдениетін терең түсінуге мүмкіндік берді.

  Тренинг нәтижесінде білім алушылар өз құқықтарын қорғау, жауапты шешім қабылдау және жеке қауіпсіздікті сақтаудың маңызын айқындады.

  Университет студенттердің тұлғалық дамуына, құқықтық сауаттылығы мен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған осындай іс-шараларды жүйелі түрде жалғастырады.