Критериалды бағалау: заманауи тәсіл

  Қызылорда ашық университетінде «Критериалды бағалау – білім сапасын арттыру құралы» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинарды Педагогика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Ешимова Ултай Зикировнаның жүргізуімен өтті.

  Семинар аясында критериалды бағалау жүйесінің білім беру сапасын қамтамасыз етудегі рөлі, оқу жетістіктерін бағалаудың айқындылығы мен объективтілігі, сондай-ақ тиімді кері байланыс тетіктері жан-жақты қарастырылды.
  Оқытушылар бағалау критерийлерін жүйелі құрастыру, дескрипторларды нақтылау және қалыптастырушы бағалау стратегияларын тәжірибеде қолдану бағытында мазмұнды әдістемелік ақпарат алды.

  Кездесу кәсіби диалог алаңына айналып, оқытушылар арасында тәжірибе алмасуға, заманауи бағалау тәсілдерін жетілдіруге және білім беру үдерісінің сапасын арттыруға серпін берді.