Интернет:алаяқтық қауіптері және сақтық шаралары

  Қызылорда ашық университетінде Қызылорда қаласы полиция басқармасының ұжымымен бірлесіп өткізілген ақпараттық кездесуде интернет алаяқтықтың қазіргі қауіптері мен алдын алу шаралары талқыланды.

   Кездесуге Қызылорда ҚПБ ҚҚб УПИ полиция капитаны Р. Енсебаев және А. Бекболатұлы қатысты. Олар студенттерге онлайн алаяқтық түрлері, дербес ақпаратты қорғау, қаржылық алаяқтықтан сақтану жолдары жайлы толық ақпарат берді.

  Студенттер мен университет қызметкерлері интернеттегі қауіптерге төзімділікті арттыру, жеке мәліметтерді қорғау және күдікті сілтемелер мен хабарламаларға сақ болу керектігі туралы маңызды кеңестер алды.