Экологиялық қауіпсіздік – тұрақты даму негізі
Бүгін Қызылорда ашық университеті Мәскеу политехникалық университеті ұйымдастырған «Экологиялық қауіпсіздік және әлеуметтік дамудың тұрақтылығы» атты Халықаралық ғылыми конференцияға онлайн форматта қатысып, өз үлесін қосты.
Аталған конференция аясында экологиялық қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, тұрақты әлеуметтік даму мәселелері кеңінен талқыланды. Ғалымдар мен сарапшылар жаһандық экологиялық сын-қатерлерге қарсы тиімді шешімдер мен ғылыми көзқарастарын ортаға салды.
Конференция барысында университет ректоры Қ.А. Бисенов құттықтау сөз сөйлеп, халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, университет атынан проректор Н.Н. Нұрмұхаметов баяндама жасап, экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты даму бағытындағы оқу-ғылыми жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті. Ол өз сөзінде тұрақты даму қағидаттарын білім беру жүйесіне енгізудің өзектілігін атап өтті.
Қызылорда ашық университеті халықаралық ғылыми байланыстарды нығайту бағытындағы жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыра береді.

