Ұстаз бен шәкірт үндестігі: алғыс күні - рухани мереке!
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай университетімізде оқытушылар мен студенттердің бірлескен шығармашылық видеобайқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл байқау – ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластықты, ризашылық пен рухани байланысты айшықтаған тағылымды жоба болды.
Байқау қорытындысы бойынша:
I орын – Педагогика кафедрасы
Шынайы сезім мен мазмұнды идеяны ұштастырған үздік алғыс видеоролигі арқылы көпшіліктің ықыласына бөленді.
II орын – Инженерлік технологиялар кафедрасы
Креативті көзқарас пен тың форматтағы жұмысы үшін лайықты марапатқа ие болды.
III орын – Құқық және қызмет көрсету кафедрасы
Мейірім мен студенттің үйлесімді тандемін көрсетіп, шығармашылық шеберлігін дәлелдеді.
Номинация – Құқық және қызмет көрсету кафедрасына табысталды. Жүрекке жеткен жылы лебіз бен әсерлі формат көрермен көңілінен орын тапты.
Алғыс хат – Экономика және басқару кафедрасына
Белсенді қатысып, ризашылық мәдениетін насихаттағаны үшін шынайы алғыс білдірілді.
Алғыс айту – адамгершіліктің асыл белгісі. Университетіміздің әр кафедрасы бұл мерекеде бірлік пен ынтымақтың, құрмет пен ризашылықтың жарқын үлгісін көрсете білді.
Қызылорда ашық университеті барша қатысушыларға алғыс айтып, шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейді!
