Үстел теннисінен қыздар арасындағы турнир

  Қызылорда ашық университетінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай білім алушы қыздар арасында «Жылдамдық пен шеберлік» атты дәстүрлі үстел теннисі жарысы ұйымдастырылды.
  Аталған іс-шараның басты мақсаты – студент қыздардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ мерекелік көңіл күй сыйлау болды.

  Жарыс барысында қатысушылар өздерінің шапшаңдығы мен ептілігін, ойын барысындағы дәлдігі мен шеберлігін көрсете отырып, тартысты бәсекеге түсті. Әрбір ойын қызықты әрі әсерлі өтіп, қатысушылардың жоғары дайындық деңгейі мен спортқа деген ынтасын айқын көрсетті.

  Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – Педагогика, Құқық және қызмет көрсету мамандықтарының командасына,
ІІ орын – Қоғамдық-гуманитарлық мамандықтар командасына,
ІІІ орын – Кәсіби-техникалық мамандықтар бірлестігінің командасына бұйырды.

  Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталып, барлық қатысушы қыздарға белсенділіктері үшін алғыс білдірілді.