Академиялық ұтқырлық – таным мен ынтымақ жолы
Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Қызылорда ашық университетіне арнайы келген Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің Бастауыш білім педагогикасы кафедрасы Аға окытушысы PhD A.Балтамуратова мен білім алушылары үшін танымдық-мәдени экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсия барысында қонақтар Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне барып, Сыр өңірінің бай тарихы мен мәдени мұраларымен жақынырақ танысты. Музей экспозицияларында сақталған құнды жәдігерлер, тарихи деректер мен көне бұйымдар арқылы өңірдің өткені, рухани құндылықтары мен даму кезеңдері туралы мазмұнды ақпарат берілді.
Тарихи-танымдық сапар барысында қонақтар қазақ халқының ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі мен тарихи тұлғалары жайлы тың мәліметтер алып, ерекше әсерге бөленді. Мұндай мәдени-танымдық кездесулер білім алушылардың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, білім мен мәдениет саласындағы ынтымақтастықтың артуына өз үлесін қосады.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы бұл кездесу студенттер мен оқытушылар үшін тәжірибе алмасудың, жаңа білім мен әсер алудың жарқын үлгісіне айналды.
