Ғылыми-әдістемелік семинар

Қызылорда ашық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің Бастауыш білім педагогикасы кафедрасының аға оқытушысы, PhD А. Балтамуратова және бір топ студенттері арнайы іссапармен келіп, тәжірибе алмасу шараларына қатысты.

Осы орайда Қызылорда ашық университетінің Педагогика кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Ұлтай Зікірқызы Ешимова «Критериалды бағалау жүйесінде жасанды интеллектті қолдану жолдары» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

Семинар барысында білім беру жүйесінде критериалды бағалаудың тиімділігін арттыруда жасанды интеллект технологияларын қолданудың заманауи мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды. Сондай-ақ оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың оқу жетістіктерін әділ әрі жүйелі бағалау, цифрлық құралдарды тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті. Мұндай ғылыми-әдістемелік кездесулер білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтып, заманауи білім беру технологияларын енгізуге мүмкіндік береді.