Халықаралық академиялық ұтқырлық аясындағы танымдық экскурсия

  Қызылорда ашық университетіне халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келген Низами атындағы Өзбекстан ұлттық педагогикалық университетінің бастауыш білім педагогикасы кафедрасы Аға окытушысы PhD A.Балтамуратова мен білім алушылары үшін Қызылорда қаласының көрікті, мәдени-тарихи орындарына танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

  Экскурсия барысында қонақтар қаладағы бірқатар маңызды нысандармен танысып, өңірдің тарихы мен мәдени мұрасы жөнінде кеңінен мағлұмат алды. Атап айтқанда, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің мұражайын аралап, оқу орнының қалыптасу тарихымен және құнды жәдігерлерімен танысты.

  Сонымен қатар, қонақтар «Сыр-Ана» монументіне және «Анаға тағзым» орталығына барып, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін мәдени нысандардың мазмұнды жұмысымен танысты.

  Аталған экскурсия шетелдік әріптестердің өңір тарихы мен мәдениеті туралы танымын кеңейтіп, екі оқу орны арасындағы достық қарым-қатынастың нығаюына ықпал етті.