Педагогика кафедрасының аға оқытушылары Айзат Мұратбекқызы мен Жайна Елубайқызы ашық сабақ өткізді.
Педагогика кафедрасының аға оқытушылары Айзат Мұратбекқызы мен Жайна Елубайқызы «Заманауи білім беру кеңістігіндегі дидактика: оқыту принциптері, әдістері және инновациялық тәжірибе» тақырыбында кіріктірілген ашық сабақ өткізді.
Ашық сабақтың мақсаты – заманауи дидактикалық принциптерді, оқытудың тиімді әдістері мен инновациялық технологияларды білім беру үдерісіне интеграциялаудың жолдарын көрсету болды. Сабақ барысында пәнаралық байланыс негізінде оқытудың белсенді әдістері, сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиялары және цифрлық ресурстарды қолдану тәсілдері таныстырылды.
Іс-шараға профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар белсене қатысып, өзара пікір алмасу алаңы ұйымдастырылды. Оқытушылардың кәсіби шеберлігі мен әдістемелік ізденістері жоғары бағаға ие болды.
