Наурыз мейрамы жоғары деңгейде тойланды

  Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Қызылорда ашық универитеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің ұйымдастыруымен «Бірліктің бастауы, елдіктің дастаны – Наурыз!» атты мәдени-көпшілік іс-шара жоғары деңгейде өтті.

  Аталған шара барысында ұлттық құндылықтарды дәріптейтін мазмұнды көріністер қойылып, әсем ән шырқалып, мың бұралған би биленді. Өнерпаз білім алушылардың өнері көрермендерге ерекше әсер сыйлап, мерекелік көңіл-күй қалыптастырды.

  Мерекелік жиында университет ректоры Бисенов Қылышбай Алдабергенұлы құттықтау сөз сөйлеп, жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Өз сөзінде ол Наурыз мейрамының береке-бірлік пен жаңарудың символы екенін атап өтіп, баршаға ізгі тілегін білдірді.

  Сонымен қатар, іс-шара аясында ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар белсенділік танытты. Жеңімпаздар арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды.
  Аталған мәдени шара – ұлттық рухты ұлықтап, салт-дәстүрді жаңғыртуға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.