Келешекке бағдар берген кездесу
Қызылорда ашық университетінің Академиялық ұтқырлық және халықаралық қатынастар жөніндегі басқарма басшысы Мұхамбетжан Айсұлу Мұхамбетжанқызы мен Тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру басқармасының басшысы Шынжырбай Роза Айбергенқызы кәсіби бағдар беру мақсатында бірқатар білім ордаларында кездесу өткізді. Олар С. Толыбеков атындағы №3 lT мектеп-лицейімен Абай мектебіне арнайы барып, жоғары сынып оқушыларымен мазмұнды әңгіме өрбітті.
Кездесу аясында оқушыларға:
- Мамандық таңдауда ескерілетін маңызды факторлар,
- Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар,
- Білім алу мүмкіндіктері мен оқу бағдарламалары туралы кең көлемде ақпарат берілді.

