Ғылым күніне орай өткен студенттік конференция

  2026 жылғы 10 сәуір күні Қызылорда ашық университетінде Ғылым күніне орай «Жас ғалым – Қазақстанның болашағы» атты студенттік ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

  Іс-шараның мақсаты – студенттердің ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттыру, жас ғалымдарды қолдау, олардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту, сондай-ақ ғылым мен білім саласындағы өзекті мәселелерді талқылау болды.

  Конференция барысында білім алушылар өз ғылыми жобалары мен баяндамаларын ұсынып, тәжірибе алмасты. Ғылыми жұмыстар бірнеше секция бойынша қарастырылып, «Академиялық ортаға инновацияларды енгізудің методологиялық негіздері» бағыты аясында мазмұнды баяндамалар тыңдалды.

  Қорытындысы бойынша үздік ғылыми жұмыстар анықталып, жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды, ал белсенді қатысушыларға сертификаттар табысталды.

  Аталған конференция студенттердің ғылыми ізденісін ынталандыратын, жас зерттеушілердің кәсіби дамуына серпін беретін маңызды ғылыми алаң ретінде өз мақсатына толықтай жетті.