Психологиялық-педагогикалық практика – кәсіби дамудың маңызды кезеңі
Қызылорда ашық университетінің – «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері қазіргі уақытта психологиялық-педагогикалық практикадан өтуде.
Студенттер Сәкен Сейфуллин атындағы №4 ақпараттық-технология мектеп-лицейі қабырғасында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру, сабақ жоспарлау және өткізу, сондай-ақ заманауи педагогикалық әдістерді тиімді қолдану бағытында тәжірибе жинақтауда.
Бұл кезең алдағы уақытта педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттырып, теориялық білімін тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік беретін маңызды оқу үдерісі болып табылады.

