«Артық білім - кітапта…» атты кітап апталығы аясындағы іс-шара

Қызылорда ашық университетінің кітапханасының ұйымдастыруымен 23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай кітап оқу мәдениетін арттыру және білім алушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту мақсатында «Артық білім – кітапта…» атты кітап апталығы аясында іс-шара өткізілді.

Аталған шара барысында студенттер кітаптың адам өміріндегі маңызы мен рухани құндылығы туралы ой бөлісіп, өзара пікір алмасты. Кітапқа деген қызығушылықты арттыруға бағытталған түрлі форматтағы мазмұнды жұмыстар ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында кітап оқуды насихаттау, рухани дамуға жол ашу және оқу мәдениетін қалыптастыру болды.