Студенттер республикалық футбол жарысында өз шеберліктерін танытты
Қызылорда ашық университетінің студенттері Шымкент қаласында өткен футболдан республикалық жарысқа қатысып, жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетті. Еліміздің әр өңірінен жиналған командалар арасында тартысты өткен додада білім алушылар ұйымшылдық пен шеберліктің жарқын үлгісін танытты.
Жарыс барысында команда мүшелері жеңіске деген табандылықтарын дәлелдеп, оқу орнының абыройын лайықты қорғады. Университет ұжымы студенттердің жетістіктерін жоғары бағалап, алдағы жарыстарда да толағай табыстар тілейді.
Аталған жетістік студенттердің жан-жақты дамуына бағытталған жұмыстардың нәтижелі жүзеге асып жатқанын көрсетеді. Бұл — жастардың спортқа деген қызығушылығы мен салауатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылысының айқын дәлелі.
