Артық білім - кітапта: әдеби марафоны

   Оқу орнымызда «Артық білім – кітапта» апталығы аясында студенттерге арналған әдеби марафон жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті. Аталған шара білім алушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға, рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауға және оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

  Марафон барысында студенттер түрлі жанрдағы әдеби шығармаларды оқып, өзара пікір алмасып, кітаптан алған әсерлерімен бөлісті. Сонымен қатар, апталық аясында танымдық кездесулер, әдеби челлендждер және мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылып, қатысушылардың белсенділігі жоғары деңгейде көрінді.

  Қорытындылай келе, «Артық білім – кітапта» апталығы студенттердің зияткерлік әлеуетін дамытуға оң ықпал етіп, кітап оқудың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Осындай мазмұнды шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.