Микро-біліктіліктер және қысқа мерзімді білім беру бағдарламалары: білім берудегі заманауи тренд
Қарқынды дамып келе жатқан еңбек нарығы жағдайында микро-біліктіліктер мен қысқа мерзімді білім беру бағдарламалары сияқты жаңа оқыту форматтары ерекше өзектілікке ие болуда.
Micro-credentials: Болашақ білімінің жаңа форматы
Соңғы жылдары білім беру саласында үлкен өзгерістер байқалуда. Соның бірі — micro-credentials немесе қысқа мерзімді біліктілік бағдарламалары. Бұл формат студенттермен мамандарға белгілі бір дағдыны тез әрі тиімді меңгеруге мүмкіндік береді.
Аталған бағдарламалар қысқа уақыт ішінде нақты кәсіби құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған икемді білім беру шешімдері болып табылады.
Micro-credentials деген не? Бұл – қысқа мерзімде (бірнеше аптадан бірнеше айға дейін) нақты бір дағдыны игеруге бағытталған курстар. Олар көбіне онлайн форматта өткізіледі және сертификатпен аяқталады.
Артықшылықтары:
* Уақытты үнемдейді
* Нарыққа қажетті дағдыларды үйретеді
* Икемді оқу форматы (онлайн/офлайн)
* Қолжетімді баға
Олардың маңыздылығы келесі факторлармен айқындалады:
✔ еңбек нарығының өзекті талаптарына сәйкестігі
✔ практикалық бағыттылығы
✔ білім мен дағдыларды жедел жаңарту мүмкіндігі
✔ оқытудың қолжетімділігі мен форматтарының әртүрлілігі
Осындай білім беру тәсілдерін қолдану білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді.
Қазіргі еңбек нарығында нақты дағдылар маңызды болғандықтан, micro-credentials — мансапты дамытудың тиімді құралына айналуда.
