КОЙ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫ

   2026 жылдың 14-21 сәуір аралығында Ақтөбе облысындағы шаруа қожалығында Қызылорда ашық университетінің оқытушысы, ғылым магистрі Шынжырбай Роза Айбергенқызы мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің оқытушысы Дүкенбаева Ақбота Ғарифоллақызы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу барысында Қызылорда облысының климаттық жағдайында асыл тұқымды қойларды бейімдеу бойынша олардың генетикалық әлеуетін сақтай отырып, оның физиологиялық жүйелерін жаңа ортаға икемдеу арқылы өнімділік пен өміршеңдікті тұрақтандыруға бағытталған кешенді биологиялық және зоотехникалық әдістер негізінде ғылыми, далалық-практикалық жұмыстармен айналысты.

    Зерттеу жұмыстарын жүргізуде қан және биохимиялық талдаулар, өнімділік динамикасын зерттеу оның ішінде бақылау бағыттары: тірілей салмақтың өзгеруі (ай сайын өлшеу), орташа тәуліктік салмақ қосу, жүн өнімділігі (қырқым мөлшері, талшық сапасы), көбею көрсеткіштері (төл алу, төлдің өміршеңдігі) анықталды.  

    Асыл тұқымды қойларды жаңа ортаға бейімдеу біртіндеп жүргізілген жағдайда тиімді болады. Алғашқы кезеңде малға қолайлы микроклиматтық жағдай жасау, жеткілікті су және сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету олардың қоршаған ортаға бейімделу кезеңін қалыптастырады. Азықтандыру рационын біртіндеп өзгерту арқылы қойлар жергілікті жайылым өсімдіктеріне тезірек үйренеді. Сонымен қатар минералдық қоспаларды қолдану малдың жалпы физиологиялық жағдайын жақсартады. Ветеринариялық шараларды уақытылы жүргізу аурулардың алдын алып, мал шығынын азайтады. Бейімдеу кезеңі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда қойлардың өнімділік көрсеткіштері (ет, жүн сапасы) сақталып, кейбір жағдайларда ол көрсеткіштердің артуы да мүмкін екені зерттелуде.

    Ақтөбе облысынан Қызылорда облысына асыл тұқымды қойларды көшіру кезінде олардың жаңа ортаға бейімделуі кешенді шараларды талап етеді. Зерттеу нәтижелері бейімдеу процесін ғылыми негізде ұйымдастыру малдың денсаулығын сақтап қана қоймай, шаруашылықтың экономикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді.