Халықаралық конференциядан тәжірибе

   2026 жылдың 22-25 сәуірі аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Академиялық кітапханалардың дамуындағы заманауи үрдістер» атты  XIII Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Аталған конференцияға  Қызылорда Ашық университетінен   кітапханашы Қоспанова Айымкүл Омарқызы қатысты.  

  Ғылыми-тәжірибелік конференция тақырыбы бойынша цифрландыру мен жасанды интеллекттің кітапхана ісін дамытудағы рөліне ерекше назар аударылды.  

   Үш күнге созылған академиялық конференция «Жасанды интеллект дәуіріндегі кітапхана:халықаралық тәжірибе және ұлттық AI-SANA бағдарламасы» тақырыбында кітапханалардың дамуы, цифрландыру үдерістері, инновациялық технологияларды енгізу және кітапханалық ресурстарды басқарудың жаңа тәсілдері сияқты өзекті мәселелері талқыланды.

   Конференцияға әлемнің түрлі елдерінен келген сарапшылар, жоғары оқу орындары мен ғылыми кітапханалардың өкілдері қатысып, өз тәжірибелерімен және ғылыми  әдістерімен бөлісті. Осылайша, конференция ғылым, білім беру, цифрлық технологиялар, мәдениет және шығармашылық салаларды біріктіретін ауқымды  пәнаралық платформаның бөлігі болды.  

  Тараз қаласында өткен конференция отандық және шетелдік сарапшыларды біріктіріп, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.