Үздік білім алушылар ректор алғыс хатымен марапатталды

   Қызылорда Ашық университетінде оқу үдерісіне жоғары жауапкершілікпен қарап, сабаққа тұрақты қатысқан білім алушылар арнайы ректордың Алғыс хатымен марапатталды. Бұл марапат студенттердің тәртіптілігі мен білімге деген ынтасын айқындайтын маңызды көрсеткіш болып табылады.

  Университет білім алушылардың табандылығы мен белсенділігін әрдайым қолдай отырып, олардың болашақта бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына жағдай жасайды.

  Аталған жетістік өзге студенттерге де үлгі болып, білім алуға деген жауапкершілікті арттыруға, уақытты тиімді пайдаланып, жоғары нәтижеге ұмтылуға түрткі болады.