Ғылымға бастар жол — жас дарындарға үлкен мүмкіндік
Бүгін С.Сейфуллин атындағы №4 ІТ мектеп-лицейінде техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Бисенов Қылышбай Алдабергенұлының құрметіне арналған физика және математика пәндері бойынша қалалық олимпиада жоғары деңгейде өтті.
Дарынды оқушылардың білімін шыңдап, ғылымға деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен білім бәйгесіне қала мектептерінің 9–11 сынып оқушылары қатысты. Жас талапкерлер теориялық және практикалық тапсырмалар арқылы өздерінің логикалық ойлау қабілеті мен білім деңгейін көрсетті.
Іс-шара барысында Қызылорда ашық университетінің ғалымдары мен профессор-оқытушылар құрамы жастарға ғылым жолының маңызы туралы ой бөлісіп, болашақ мамандарға сәттілік тіледі. Олимпиада қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар арнайы дипломдармен марапатталып, І орын иегерлеріне Қызылорда ашық университеті тарапынан білім гранты сертификаттары табысталды.
Қызылорда ашық университеті — білім мен ғылымға ұмтылған дарынды жастарды әрдайым қолдайды!

