Психологиялық қауіпсіздік және буллингтің алдын алу
Қызылорда ашық университеті жатақханасында тұратын білім алушыларға арналған «Психологиялық қауіпсіздік және буллингтің алдын алу» тақырыбында психолог маманмен кездесу өтті. Шараның басты мақсаты – жастар арасында психологиялық қауіпсіз ортаны қалыптастыру, буллингтің алдын алу және студенттердің эмоционалдық саулығын нығайту.
Кездесуге қонақ ретінде психолог, терапевт маманы Акимова Перизат Нұрланқызы қатысып, білім алушыларға буллингтің түрлері, оның психологиялық әсері, қиын жағдайларда өзін қорғау жолдары мен өзара сыйластықтың маңыздылығы туралы кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пайдалы кеңестерімен бөлісті.
Танымдық кездесу барысында университеттің тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды ұйымдастыру басқармасының басшысы Шынжырбай Роза Айбергенқызы білім алушыларға жатақханадағы тәртіп, өзара қарым-қатынас мәдениеті және психологиялық қолдаудың маңыздылығы жөнінде атап өтіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

