Кәсіби бағдар беру жұмыстары жалғасты

Қызылорда ашық университеті Мансап орталығының бас маманы Саймағанбетов Нұрлытаң Кәдірбекұлы мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің оқытушысы Манат Ақансері Қармақшы ауданында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді.

Олар Ақтөбе ауылының №109 орта мектебі, Иіркөл ауылының №106 мектебі, Дүр Оңғар ауылының №107 мектебі, III Интернационал ауылының №108 мектебі, Төребай би ауылының №199 мектебі, Ақжар ауылының №28 орта мектебі, Тұрмағанбет ауылының №29 Т. Ізтілеуов атындағы орта мектебі, Алдашбай ахун аулының №111 орта мектебі, Көмекбаев ауылының №185 орта мектебі, Қуаңдария ауылының №186 орта мектебінің 9 және 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесу аясында оқушыларға оқу орындарындағы білім беру мүмкіндіктері, заманауи мамандықтар, мемлекеттік гранттар мен студенттерге жасалатын қолдау шаралары туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар мамандық таңдаудың маңыздылығы түсіндіріліп, талапкерлердің келешекке бағытталған сауалдарына жауап беріліп, еркін пікір алмасу ұйымдастырылды.