Жоғары білімге бастар жол

Қызылорда ашық университетінің Педагогика кафедрасының оқытушылары Әбдіқалық Ақгүл, Жүрсінбай Аружан кәсіби бағдар беру мақсатында Арал, Қазалы аудандарының ауылдарының бірқатар білім ордаларында кездесу өткізді.

Олар Сексеуіл ауылындағы №294, №177, №231, №87, №283 орта мектептеріне, Шижаға ауылындағы Е. Көшербаев атындағы № 57 орта мектебіне, Сапақ ауылындағы №69, Қамыстыбас ауылындағы №21, Ақбай ауылындағы №63 орта мектептеріне, Қазалы ауданы Ғ. Мұратбаев ауылындағы №91, Қ. Пірімов атындағы №103, Құмжиек ауылындағы Қ. Күлетов атындағы №92, Басықара ауылындағы №182, Жанқожа батыр ауылындағы №94, Абай ауылындағы №90, Ақтан батыр ауылындағы №190, Бекарыстан би ауылындағы №24, Майдакөл ауылындағы №98, Түктібаев ауылындағы №88, Бірлік ауылындағы №102, Жанкент ауылындағы №104, Қожабақы ауылындағы №25, Бозкөл ауылындағы №96 орта мектептеріне арнайы барып, жоғары сынып оқушыларымен мазмұнды әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында талапкерлерге жоғары білімнің маңызы, мамандық таңдаудағы негізгі бағыттар және қазіргі заманғы еңбек нарығында сұранысқа ие салалар туралы кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар университеттің білім беру бағдарламалары, студенттерге жасалған мүмкіндіктер, оқу үдерісіндегі тәжірибелік жұмыстар мен академиялық қолдау жүйесі таныстырылып, оқушылардың көкейіндегі сұрақтарға жауап берілді.