Қазалы ауданында талапкерлерге арналған ресми кәсіби бағдар беру күні

   Қызылорда ашық университетінің Педагогика кафедрасының оқытушылары Әбдіқалық Ақгүл, Жүрсінбай Аружан кәсіби бағдар беру мақсатында Қазалы ауданының бірқатар білім ордаларында кездесу өткізді. Олар Ы.Алтынсарин атындағы 204 орта мектебіне, С.Сейфуллин атындағы 165 орта мектебіне, 276 орта мектебіне, Қ. Сәтбаев атындағы 216 орта мектебіне, Б.К. Мергенбаев атындағы 226 мектеп-гимназиясына, Жанқожа Батыр атындағы 70 орта мектебіне, 266 мектеп-лицейіне, Ғ. Мұратбаев атындағы № 17 орта мектебіне, Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектебіне, Ж.Жабаев атындағы № 234 орта мектебіне, №288 орта мектебіне арнайы барып, жоғары сынып оқушыларымен мазмұнды әңгіме өрбітті.

  Кездесу барысында оқушыларға университеттің білім беру бағыттары, оқу үдерісінің ерекшеліктері және білім беру бағдарламалары туралы толыққанды ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, тәжірибеге бағытталған оқыту жүйесі, материалдық-техникалық база, студенттерге ұсынылатын академиялық мүмкіндіктер мен қолдау шаралары жан-жақты түсіндірілді.