Жоғары білімге жол ашқан мазмұнды кездесу

Қызылорда ашық университетінің Педагогика кафедрасының оқытушылары Әбдіқалық Ақгүл, Жүрсінбай Аружан кәсіби бағдар беру мақсатында Арал ауданының бірқатар білім ордаларында кездесу өткізді. Олар №14 мектеп-лицейіне, Ж. Әбдірашев атындағы №62 мектеп-лицейіне, Ұ. Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназиясына, №220 орта мектебіне, №260 орта мектебіне, №64 орта мектебіне, №292 орта мектебіне, № 2 облыстық мамандандырылған мектеп - лицей-интернатына,№19 орта мектебіне, №71 орта мектебіне арнайы барып, жоғары сынып оқушыларымен мазмұнды әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында білім алушыларға университеттің білім беру бағыттары мен оқу үдерісінің ерекшеліктері кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, білім беру бағдарламаларының мазмұны, тәжірибеге бағытталған оқыту жүйесі, материалдық-техникалық база және студенттерге ұсынылатын академиялық мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді.