Кәсіби бағдар беру бағытындағы кездесу

Қызылорда ашық университетінің оқытушылары Туйешиева Алмара, Әділхан Ерлан, Мухамедали Інжу, Жүрсінбай Аружан кәсіби бағдар беру мақсатында бірқатар білім ордаларында кездесу өткізді. Олар №253 орта мектебіне, №7 мектеп-лицейіне, К. Қаракөзов атындағы №235 орта мектебіне, Жамбыл атындағы №120 орта мектебіне, №267 орта мектебіне арнайы барып, жоғары сынып оқушыларымен мазмұнды әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында университеттің білім беру жүйесі, оқу үдерісінің ерекшеліктері және заманауи материалдық-техникалық базасы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, білім алушыларға ұсынылатын мүмкіндіктер, академиялық қолдау, тәжірибелік дайындықтың артықшылықтары мен түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері таныстырылды. Университеттің бәсекеге қабілетті маман даярлаудағы басым бағыттары атап өтіліп, талапкерлер үшін тиімді тұстары кеңінен түсіндірілді.