Кәсіби бағдар беру аясындағы ресми кездесу

Қызылорда ашық университетінің оқытушылары Қәдір Қолқанат, Өтепберген Гүлдина, Айдарбеков Ғалымжан, Қоспанова Айымкүл, Піржан Ұлжан, Аппазқызы Айлин кәсіби бағдар беру мақсатында бірқатар білім ордаларында кездесу өткізді. Олар Ж. Нұрманов атындағы №198 орта мектебіне, Тәкей Есетов атындағы №264 мектеп-лицейіне, Н. Ергешбаев атындағы №172 орта мектебіне, №257 орта мектебіне, №189 Белкөл орта мектебіне, №282 мектеп-лицейіне, Т. Рысқұлов атындағы №222 орта мектебіне, Ә. Құдабаев атындағы №197 орта мектебіне, Б. Ермекбаев атындағы №271 орта мектебіне арнайы барып, жоғары сынып оқушыларымен мазмұнды әңгіме өрбітті.

Кездесу барысында жоғары сынып оқушыларына университеттің білім беру мүмкіндіктері жан-жақты таныстырылды. Атап айтқанда, оқу бағдарламаларының мазмұны, білім беру үдерісінің ерекшеліктері және материалдық-техникалық базасы туралы нақты мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, талапкерлерге қолжетімді академиялық мүмкіндіктер, тәжірибелік дайындық жүйесі, сондай-ақ түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіштері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Университеттің бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы басым бағыттары атап өтіліп, кәсіби бағдар беру аясында оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.