Таңдау алдындағы маңызды қадам
Қызылорда ашық университетінің оқытушылары Орымбай Нұргүл, Бақтиярова Гүлдана, Әбдіқалық Ақгүл кәсіби бағдар беру мақсатында бірқатар білім ордаларында кездесу өткізді. Олар №212 мектеп-гимназиясына, №143 орта мектебіне, №268 мектеп-лицейіне, Абылай хан атындағы №140 қазақ орта мектебіне арнайы барып, жоғары сынып оқушыларымен мазмұнды әңгіме өрбітті.
Кездесу барысында оқушылар еркін пікір алмасып, өз қызығушылықтары мен таңдауға қатысты сұрақтарын ашық жеткізді. Оқытушылар әр оқушының бағытын айқындауға көмектесетін нақты кеңестер беріп, мамандыққа апарар жолдың қыр-сырымен бөлісті. Сонымен қатар, саналы шешім қабылдау, жеке қабілетті дамыту және мақсатқа жету жолдары жан-жақты талқыланды.
