Қызылорда ашық университеті тағы бір маңызды жетістікке қол жеткізді
Бұл жетістік білім беру сапасының жоғары деңгейін, оқу бағдарламаларының заманауи талаптарға сәйкестігін және мамандар даярлаудағы университет жұмысының нәтижелілігін айқындайды.
Аккредиттеу рәсімінен сәтті өту – білім алушыларға сапалы білім беруге, академиялық мүмкіндіктерді кеңейтуге және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар даярлауға бағытталған жүйелі жұмыстың жемісі.
Қызылорда ашық университеті білім беру сапасын тұрақты жетілдіру бағытындағы жұмыстарын жалғастырып, жаңа белестерді бағындыруға ұмтылады.