«Самға, жас түлек – 2026» салтанатты диплом табыстау кеші
Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің 2026 жылғы түлектеріне арналған «Самға, жас түлек – 2026» атты салтанатты диплом табыстау кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылып, түлектердің өміріндегі айтулы әрі ұмытылмас мерекеге айналды.
Салтанатты шара барысында түлектерге диплом табысталып, олардың білім жолындағы жетістіктері мен қажырлы еңбегі ерекше атап өтілді. Жиынға оқу орнының басшылығы, профессор-оқытушылар құрамы, ата-аналар мен қадірлі қонақтар қатысып, жас мамандарға жүрекжарды лебіздерін білдіріп, ақ жол тіледі.
Бұл күн – білімге ұмтылған жастың үлкен өмірге жасаған сенімді қадамының бастауы. Қызылорда ашық университеті мен Қызылорда жоғары көпсалалы колледжі барлық түлектерді диплом алуымен шын жүректен құттықтап, кәсіби жолында толағай табыс, биік белестер мен жарқын жетістіктер тілейді.
