Қызылорда ашық университетінің студенті әлем чемпионатының жартылай финалында

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сәтті өнер көрсетіп, Руанда құрамасын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңіп, жарыстың жартылай финалына жолдама алды. Ұлттық құрама бұған дейін де топтық кезең мен 1/8 финалды сәтті аяқтап, жүлделі орындарға таласын жалғастыруда.

  Құрама сапында Қызылорда ашық университетінің 6В01407 - «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенті Әбдібек Ерасыл да өнер көрсетуде. Ерасылдың ұлттық құрамада әлемдік додада ел намысын абыроймен қорғауы – университетіміз үшін үлкен мақтаныш. Жартылай финалда Қазақстан құрамасы Иран құрамасымен кездеседі. Спортшыларымызға сәттілік пен жеңіс тілейміз!