Азияның қос чемпионы – Қызылорданың мақтанышы!
Қызылорда жоғары көпсалалы колледжінің түлегі Бақыт Нұрай халықаралық аренада ел абыройын асқақтатып, жастар арасындағы Азия чемпионатында самбодан 59 келі салмақ дәрежесінде І орын иеленді. Сонымен қатар, жауынгерлік самбодан 54 келі салмақ дәрежесінде Арайлым Алимова да қарсыластарынан басым түсіп, Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.
11 жыл бойы спортпен шұғылданып келе жатқан жас чемпиондардың бұл жетістігі – тынымсыз еңбектің, табандылық пен жоғары дайындықтың нәтижесі. Қос спортшы Манила төрінде Қазақстанның көк туын биіктетіп, Қызылорданың спорттық шежіресіне өз есімдерін жазды.
Бақыт Нұрай алдағы уақытта білімін Қызылорда ашық университетінде жалғастыруды мақсат етсе, Орда колледжінің түлегі Арайлым Алимова да аталған университетке түсуді жоспарлап отыр. Жас чемпиондарға жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!